Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«СП Sareco» сирек металды кластердің қатысушысы атанады

Степногорск қаласында сирек кездесетін металдардың өндірісін дамыту жалғасуда. «СП Sareco» ЖШС сирек металды өнеркәсіп кластеріне қатысушылардың бірі болмақ.
Ақмола 28 Тамыз, 00:00

«Sareco» СП ЖШС базасында қуаттылығы жылына 1 500 тоннаны құрайтын жерде сирек кездесетін мнеталдардың ұжымдық концентраттары мен жеке қоспаларының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісі бойынша жобасы жүзеге асырылады.

«Қазіргі уақытта кәсіпорында 133 адам жұмыс істейді. Жоба ҚР ҚОҚМ-дағы экологиялық сараптамаға бағытталған және іске-қосу жөндеу жұмыстары сатысында тұр. Жобаның екінші кезеңінің ТЭО-сы әзірленуде», – деді басқарманың бас маманы Гүлдана Әбуова.

«Қаладағы жаңа мамандықтарды анықтау аясында ЖШС базасында жерде сирек кездесетін металдардың өндірісінде келешекте сирек кездесетін металдардың консентраттарын жеке қоспаларға бөлу (зауыт құрылысы – инвестиция көлемі 45 млн доллар, қуаттылығы – жылына 3 мың тонна, 170 жұмыс орны) және цирконий оксихлоридінің өндірісін ұйымдастыру (қуаттылығы жылына 22 мың тонна, инвестиция көлемі 40 млн доллар, 150 жұмыс орны құрылады) жоспарланып отыр», – деді Г.Әбуова.  





Яндекс.Метрика