Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ҚазҒЗУ студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы дәріс оқылды (Фото)

Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында білім трансферін қарқындату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оқытуда жаңа әдістер енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі заң ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Примашев Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлады Мемлекеттік басқару академиясында.
Астана қаласы 20 Наурыз, 13:34

Таныстырылым негізінде жүргізілген дәріс барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша материалдармен қатар, жалпы сыбайлас жемқорлық бойынша да ақпарат берілді. Шет елдердің осы саладағы тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Дәріс 3-курс қазақ топтарына арналып қазақ тілінде өткізілді.

ҚазҒЗУ студенттері қазақстандық қоғам мен мемлекет үшін қауіп төндіріп отырған бұл құбылысқа жай қарамайтындықтарын білдірді. Дәріс соңында студенттердің бірқатар келелі сұрақтарына білікті жауаптар берілді.Дәріс соңында Н.М. Примашев өзекті тақырыптағы дәріс – сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат іс-шарасын өткізуге жағдай жасаған ҚазҒЗУ басшылығына алғыс білдірді.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика