Сайлау-2015

ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Павлодар облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

Бүгін, 30 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың РҚШ мүшелері Павлодар облысының өндіріс объектілерінде болып, аймақ белсенділерімен кездесті, деп хабарлады кандидаттың штабы.
Павлодар30 Наурыз , 18:21

Делегацияның құрамында - Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақжол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали және т.б болды.

Павлодар қаласында Н.Ә. Назарбаевты қолдаушы – Қазақстан электролиз зауытының металлургтерімен, «Алюминий Казахстана» АҚ энергетиктерімен, Ақсу ферросплав зауытының, Еуроазиялық энергетикалық корпорацияның жұмысшыларымен, сондай-ақ «Екібастұз қаласында «Богатырь-Көмір» АҚ кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесу болды.

Бұдан басқа, РҚШ мүшелері Павлодар облысының үкіметтік емес секторының өкілдерімен және Луганск ауылындағы Мәдениет үйінде «Луганск» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен кездесті.

Алғашқы кездесудің Қазақстандық электролиз зауытында өткені есте қаларлықтай, мұнда осыдан 7 жылдан астам уақыт бұрын Елбасы осы кәсіпорынды ашқан кезде былай деген болатын: «Мен металлург ретінде осындай зауыт туралы армандаған едім. Енді Қазақстан шикізат өндірумен және сатумен қатар оны әлемдік нарыққа шығарады». Мәселен, 2009 жылы қазақстандық алюминий Лондондық металдар биржасында ресми тіркелген болатын, ал 2010 жылы әлемдік деңгейдегі  «Еуропалық сапа» наградасына ие болды.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы М. Құл-Мұхаммед өз сөзінде атап өтті, Елбасының тұрақты қолдауының арқасында Павлодар облысы Қазақстанның жаңа индустриялық-инновациялық экономикасының көш басынан табылды. «Қуатты алюминий өндірісі, жаңа мыс қорыту алыбы, Ақсу ферроқорытпа зауыты, сондай-ақ мына сіздер еңбек ететін электролиз зауыты әрбір павлодарлық отбасының жайлы тұрмысына сенімді негіз болуда. Сондықтан мен сіздердің осынша қамқорлық жасаушы Ұлт Лидеріне дауыс беретіндеріңізге сөзсіз сенімдімін!», - деді Республикалық қоғамдық штабтың басшысы.

Павлодарлықтар жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы үшін Н.Ә. Назарбаевқа алғыстарын білдірді, аталған бағдарламаның шеңберінде ғана соңғы 5 жылда облыста 94 жоба іске асырылып, 11000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Елбасы өзінің еңбек жолын қарапайым металлург болып бастады. Сондықтан сіздердің  еңбектеріңіздің бағасын, сіздердің арман-мүдделеріңізді, сіздердің маңызды проблемаларыңызды сөз жүзінде ғана емес, өз тәжірибесінен жақсы біледі. Еңбек адамы – Мемлекет басшысы саясатының, Бірлік, Бейбітшілік пен Келісім саясатының тұғыры! Алдағы болатын сайлау біздің бірлігіміздің және Лидердіміздің төңірегіне топтасатынымызды тағы да көрсететініне сенімдіміз! Елбасыға дауыс бере отырып, біз тұрақты, гүлденген және қуатты Қазақстан үшін дауыс береміз!», - деді, Екібастұз қаласындағы «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Кездесуге мыңдаған павлодарлықтар қатысты. Өздерінің сөйлеген сөздерінде олар бүкіл ғаламдағы дағдарысқа қарамастан, Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстанда жаңа кәсіпорындар ашылып, инновациялық технологиялар енгізіліп жатқанын және қазақстандықтардың жұмыспен қамтылғанын, ертеңгі күнге сеніммен қарайтынын атап айтты.

Павлодарлықтар Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің шын мәніндегі жалпыұлттық көшбасшысы деп біледі. «Ол – бейбітшілік пен келісімнің, біздің жоспарларымызды іске асырудың, мемлекетіміздің тұрақты өрлеуінің кепілі. Халықты біріктіріп, еліміздің алдына қойған міндеттерді іске асыруға жұмылдыратын Лидер. Біз 2015 жылғы 26 сәуірде республикамыздың игілігі мен инновациялық дамуы үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс береміз», - деді Қазақстан Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбевты қолдаушы аймақ тұрғындары.   

 




Яндекс.Метрика