Сайлау-2015

ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына мониторинг жүргізуге кірісті

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) ұйымынан келген байқаушылар миссиясы биылғы жылдың 26-шы сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына мониторинг жүргізуге кірісті.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:28

«Бүгінгі таңда ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін байқаушы ретінде тіркеуге қажетті 200-ге жуық құжат дайын. ТМД-дан келетін байқаушылар миссиясының құрамында 300 адам болады деп күтілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасының барлық аймағы қадағаланады»,-деді ТМД-дан келген байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода.  

ТМД мемлекеттерінен келген байқаушылар миссиясын ТМД-ның  атқару комитетінің төрағасы және осы ұйымның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев басқарады деп күтілуде.  

Оның мәліметтерінше, өздерінің сайлауды байқау шараларына қатысатындықтары Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Беларусь сияқты мемлекет өкілдері растаған. Жалпы алғанда сайлау науқанын байқау жұмыстарына ТМД-ға мүше елдердің барлығының өкілдері қатысады.   

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ТМД мемлекеттерінің байқаушылар миссиясы штабының басшысы Е.А.Слободаны ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы дайындық жұмыстарымен таныстырды.  

Әңгіме барысында кездесуге қатысушылар назарды сайлау науқанының сайлауалды үгіт жұмыстары, дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу процедуралары, сайлауды қорытындылау жұмыстары сияқты  сайлаудың жекелеген мәселелеріне аударды.  

Камила Амирова




Яндекс.Метрика