Мәдениетті жаңғырту

А. Мұхамедиұлы: ҚР ұлттық музейінде Эрмитаж Орталығын ашу жөнінде келісілді (ФОТО)

ҚР Ұлттық музейі мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында Қазақстанда Эрмитаж Орталығын ашу жөнінде келісім жасалды, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шығармашылық интелегенциясының «Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші» атты форумы барысында.
Астана қаласы 30 Наурыз, 16:42

«Еліміз бен шет мемлекеттердегі жетекші деген музейлердің деңгейінде халықаралық ынтымақтастықты арттыру үшін  Мемлекеттік Эрмитажбен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен Эрмитаж Орталығын ашу жөнінде келісім жасалды»,-деді министр.

Оның сөзінше, қазіргі таңда халықаралық қорлар мен зерттеуші гранттардың әлеуетін елге тарту бағытында белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. «Қазір норвегиялық ғалымдармен бірге жүргізілетін Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, неміс археологтарымен бірлесіп жүргізілетін Берел қорғандары, Отрар кешені сияқты ескерткіштерді болашағынан зор үміт күттіретін жобалар деуге болады»,-дейді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, шетелдік жетекші зерттеушілердің қатысуы қазақстандық мәдениет ескерткіштерінің рөлін жоғары, әлемдік деңгейге көтеріп, осы аймақтың брендтерін қалыптастыруға ықпал етеді.  

«Әлемнің туризм индустриясында мәдениет нысандары мен тарихи-мәдени ландшафтының маңызды рөл атқаратындығы баршаға мәлім. Мәдени саясат тұжырымдамасы еліміздің барлық аймағын қамтитын мәдени-туристік кластерлерді дамытудың басым бағыттарын анықтайды»,-деді А.Мұхамедиұлы.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика