Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда Ұлттық мәдениет және әдебиет кеңесі пайда болады – МСМ

Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мәдениет және әдебиет кеңесін құру жоспарлануда, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші» атты форум барысында.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:32

«Саланың институционалды қайта құрылуы, басқару мәселелерін үйлестіру  мақсатында Ұлттық мәдениет және әдебиет кеңесін құру жоспарлануда, сондай-ақ, салалар бойынша көркем кеңес құру жоспарланған. Ұлттық кеңес мәдениет саласында басты консультативтік-кеңесу органы болып есептелетін болады. Оның құрамына шығармашылық кеңес пен мәдениет ұйымдарының жетекшілері, бизнес қауымдастығының қоғамдық қайраткерлері мен өкілдері, Үкімет өкілдері мен депутаттар кіреді», - деді министр.

А.Мұхамедиұлының айтуынша, тұжырымдама театрлық, концерттік қызмет, музей, кітапхана ісі және өзге бағыттар бойынша көркем кеңес құруды қарастыруда.

Жаңа ұжымдық органдар репертуарлық саясатты үйлестіру, гастрольдік қызметті реттеу, шеберлікті шыңдау, кадр дайындау қызметін өз мойнына алмақшы.

МСМ басшысы сондай-ақ, музейлер, музей-қорғандар, кітапханалар мен мұрағаттар ғылыми-зерттеу қызметінің әлеуетін арттырады. Олар ғылым, білім, коммуникация, ақпараттық мәдениет және инновациялық шығармашылықтың негізіне айналуы тиіс.

«Музейлердің, кітапханалардың, мұрағаттардың  жұмысын белсенділету мақсатында шығындарды өтеу үшін бюджеттік қаржыдан олардың мемлекеттік дәрежеге өтуін қамтамасыз етпек», - деді А.Мұхамедиұлы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика