Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші» форумына 200-ге жуық зиялы қатысуда

Бүгін Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші» атты тақырыпта шығармашылық интелегенциясының форумы өтуде. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық шығармашылық интелегенция өкілдері қатысуда.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:14

«Бүгінгі шараға шығармашылық интелегенция өкілдері қатысуда. Мемлекет үшін олардың орны ерекше. Мемлекетіміз мәдениет, өнер мен әдебиетке үлкен көңіл бөліп отырғандығы баршаға аян.  Мәдениет саласына бөлінетін қаржы жыл сайын ұлғайып келеді. Ал соңғы жылы бұл салаға жұмсалатын қаржы 5 миллиард теңгеге артты. Біздің елімізде музейлер, кітапханалар мен мәдениет нысандарының саны жыл санап, өсіп келеді және олар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Форум жұмысына белгілі өнер және мәдениет  қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар, мәдениет нысандарының басшылары, білім және шығармашылық бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Форумға қатысушылар жалпыұлттық идеяны насихаттауда шығармашылық күшті біріктіріп, Қазақстан Республикасының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен зерттеу бағытындағы халқымыздың мәдени, рухани әлеуетін арттырып, шығармашылық тұлғалар мен мәдениет ұжымдары мен ұйымдарына, ғылым мен білімге қолдау көрсетуды мақсат етеді.

Шығармашылық интелегенция өкілдері сонымен қатар көпұлтты еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен оларды көбейту мәселесіне қатысты, азаматтардың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру бағытындағы мәселелер бойынша пікір алмасты.  

Форум жұмысы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен дәстүрін сақтау мен зерттеу бағытындағы басым бағыттар бойынша ұсыныстар енгізуге бағытталған.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика