Парламент

Сенатта Қазақстан мен Вьетнам арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы заң жобасы қаралды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасының Yкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:06

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, келісім 2011 жылғы 31 қазанда Ханойда жасалған болатын.Келісімнің мақсаты инвестициялар салу үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады.

Келісім екіжақты халықаралық шарт болып табылады және осы немесе өзге уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалады. Олардың әрқайсысы салық төлеушіге уағдаласушы мемлекеттің бірінде бір рет ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет оған төленген салық сомасын есепке алуды ұсынады.

Келісімде оларға сәйкес табыстың пайда болу көзі болып табылатын мемлекетте дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынуы мүмкін ережелер көзделген.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

 




Яндекс.Метрика