Адами капитал

«Батыр арулар» байқауына қатысу үшін 200-ден артық өтініш келіп түсті – Қорғаныс министрлігі

Әскери қыз-келіншектер арасындағы «Батыр арулар» байқауына қатысушылардан анкета-өтініштерді қабылдау 31 наурыз күні аяқталады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан30 Наурыз , 20:24

1 сәуірден бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында әскери кәсіптің ең үздік өкіліне арналған ашық дауыс беру басталады

Дауыс берудің әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында сайтқа кіруші IP-мекен-жайы бойынша бір рет дауыс бере алады. Байқау жеңімпазы жинаған дауыс санының көптігі бойынша анықталады. Номинанттарға дауыс беру on-line жүйесінде іске асырылады, дауыстар өздігінен сайттың web-парақшасында көрінеді, ал бұл өз кезегінде дауыс беру барысын және әр қатысушыға берілген дауыс беру санын мұқият бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитетіне еліміздегі әскери бөлімшелерден 200-ден астам өтініш келіп түсті. Бірінші кезеңде конкурсқа жіберілген өтініштер іріктеліп, екінші кезеңде дауыс беруге жіберілген  қатысушылардың есімдері белгілі болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өтетін «Батыр арулар» байқауы қыз-келіншектер арасында әскери қызметті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен ҚР Қарулы Күштерінде жұмыс істейтін және отставкадағы әскери қызметші әйелдер қатысады.

 Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери кәсіптің 12 үздік өкілі анықталады. Жеңімпаздар халыққа танылып қана қоймай, 2016 жылғы «Батыр арулар» арнаулы күнтізбесіне суреттерін жариялау мақсатында кәсіби фотосессияларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

 

 




Яндекс.Метрика