Ұлттың денсаулығы

ҚР-да дәрілік заттардың 200 атауына бағаны ұстап тұру бойынша меморандум жүзеге асты - ДСӘДМ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Мемарандумға қол қойды, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:01

Жоғарыда көрсетілген құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту  қауымдастығының президенті Зурият Сыбанқұлова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды.

Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар   және  бөлшек  сауданың  өкілдері  2015  жылғы              

1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды.Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер.




Дерекнама

Яндекс.Метрика