Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті

Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысының кітапханасында «Бейбітшілік пен бірлік жолындағы диалог» атты тақырыпта Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті.
Астана қаласы30 Наурыз , 15:41

Шараға Қазақстан Парламенті мен Ресей Думасының депутаттары, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының, академиялық қауымдастық, жастар ұйымдарының өкілдері мен Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары мен белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Онда Президент  әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев сөз сөйледі.

Жиынға қатысушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы мықты, саяси жағынан тұрақты мемлекет ретінде дамығандығын айтты.

Сарапшылардың пікірлерінше, бүгінде қазақстандық экономиканың тіреуі мықты. Бұған бірінші кезекте «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі мен шағын және орта бизнеске деген қолдау негіз болып отыр.   

Бүтіндей алғанда, жиынға қатысушылар бірауыздан «Қазақстан-2050» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру экономиканың даму қарқынын тоқтатпай, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретіндігін айтты.  

Іс-шара «Қазақстанның азаматтық альянсы», «Еуразия Мониторинг» талдамалы зерттеулер орталығы (Қазақстан), Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» саяси орталығы, Еуразиялық зерттеулер институты (Ресей) тарапынан бірлескен түрде ұйымдастырылды және аталмыш шараға «Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» қолдау көрсетті.       

 




Яндекс.Метрика