Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында 135 мың адам ШОБ саласында жұмыс істейді

Ақтөбе облысында шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны 135 мың адамды құрады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе30 Наурыз , 19:28

«Қазір аймақта 135 мыңға тарта адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасап жатыр. Егер облыс халқының 434 мыңы экономикалық белсенді болса, оның 30 пайызы осы салада еңбек етіп жүр. Әлемдік мұнай бағасының өзгеруі бұл саладағы өнім көлемінің өсуіне де елеулі әсер етті», - делінген хабарламада.

Аймақта шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан бюджетке салық түсімі — шамамен 108 миллиард теңге. 2013 жылмен салыстырғанда, былтыр шағын және орта бизнес субъектілерінен  түскен салық мөлшері 7 пайызға өсті.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша облыс шамамен 12 миллиард теңгені игерді. Осы бағдарламаның нәтижесінде аймақта 430-ға тарта кәсіпкерге көмек көрсетілді. Мәселен, сыйақы ставкасын субсидиялау негізінде шамамен 50 миллиард теңге көлеміндегі несие 20-ға тарта кәсіпкерге берілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 3 миллиард теңге мөлшерінде кепілдендірілген несие алуға жағдай жасалды. Осы бағдарлама арқылы аймақтағы 82 нысан жалпы сомасы 5,2 миллиард теңгеге инфрақұрылыммен жабдықталды. Сонымен қатар, қазір облыста индустриалды аймақ құрылуда.

 «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының тиімділігін, атап айтқанда, бұл бағдарлама арқылы аймақта 1000-ға жуық кәсіпкерге жалпы сомасы 1 миллиард 400 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілгенін айтты.




Яндекс.Метрика