Сайлау-2015

ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымнан тағы 153 байқаушыны аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Астана қаласы30 Наурыз , 14:31

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша екі шет мемлекет пен екі халықаралық ұйымнан 153 байқаушыны аккредиттеді.

«Олардың 144-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі – ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясынан, сондай-ақ үш байқаушы – Грек Республикасынан және біреуі Германия Федеративтік Республикасынан», - делінген хабарламада.

Осылайша, 2015 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД мен ШЫҰ) мен 19 шет мемлекеттен 236 байқаушыны аккредиттеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.




Яндекс.Метрика