«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Астанада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының II форумы өтуде

Астанада «Нұрлы жол – қазақстандық даму жолы» атты тақырыпта «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының II форумы өтуде.
Астана қаласы30 Наурыз , 14:13

Форум барысында еліміздің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары талқыланады.

Онда спикерлер ретінде Үкімет пен қазақстандық бизнес өкілдері шығады. Олардың арасында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов пен өзге де азаматтар бар.

Форумға еліміздің барлық аймақтарынан ғылым, бизнес, білім, медицина, өнеркәсіп және коммерциялық емес секторлардың жас кәсіпқой мамандары қатысуда.    

Форум аясында тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, бизнесті қолдау мен дамыту, білім беру мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша үш пікірталас алаңы ұйымдастырылған.

Қозғалыс іске қосылған 1 жыл 3 айдың ішінде «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсат-міндеттеріне бағытталған 16 жоба жүзеге асырылған. Жыл басынан бері 3 жоба іске қосылды. Олар «Қазақстанда жасалған» акциясы, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жастарды жұмыспен қамту жобасы және республикалық эсселер байқауы.

Қозғалыстың ең ірі жобаларының бірі биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы алып құрылыстарға жастарды тарту болды. Бүгінгі таңда жастардан 3 мың 566 өтініш түскен.   

 




Яндекс.Метрика