«Мемлекеттік саясаттың негізгі аспектісі болып индустриялды-инновациялық экономиканың құрылуы болып саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде белгілеген 5 индустриялды реформа индустрияландырудың негізгі бағдарламасы болып саналады. Жобалардың сәтті жүзеге асуы қолжетімді қаржыландыру мен логистикалық, коммуникациялық инфрақұрылым, сауда саласының өсу деңгейіне тәуелді», - деді ол.
Мәжіліс депутатының ақпаратынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 700 сауда нарығы бар.
«Сауда саласы экономиканың маңызды салаларының бірі болып саналады,номиналды көрсеткіште ол 5,3 трлн теңгені құрады. 5 жыл ішінде оның тұрақты өсімі 13-15 пайызды құрайды», - деді депутат.
Тарасенко айтқандай, сауда дамуының белсенді бейнесінде сауданы құқықтық реттеу мәселесі туындайды.
«Статистика мәліметі бойынша 2013 жылы Қазақстанда заманауи сауда пішіні 29 пайызды, Ресейде – 61, Қытайда – 64 пайызды құрады. Сауда айналымының өсуі мақсатында сыртқы нарықта сауда нысандарына қойылатын талаптар өзгерді», - деді ол.