Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Аршалы ауданына «Саламатты Қазақстан» емдеу-диагностикалық поезы келіп тоқтады (Фото)

«Саламатты Қазақстан» акциясының аясында Аршалы ауданына дәрігерлік поезы келіп тоқтады, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 30 Наурыз, 17:52

Аршалы ауданының тұрғындары екі күн қатарынан бұл жылжымалы емдеу орталығында тегін тексеріліп жоғары білікті мамандардан кеңестер алды.

Поезд вагондары заманауи клиникалық-зерттеу құралдары мен рентген қондырғыларымен жабдықталған.

Ол кішігірім емханалық оталар мен стомотологиялық көмек көрсетумен қоса үлкен кешенді диагностикаларды жасауға мүмкіндік береді. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика