Парламент

Қазақстанда бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етеді - депутат

Қазақстанда бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру тұрғындарды жұмыспен қамтуға айтарлықтай ықпал ететін болады, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы30 Наурыз , 12:49

«Нұр Отан» партиясының XI сьезінде Мемлекет басшысы туризм саласы бойынша жаңа бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты. Бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру тұрғындарды, әсіресе ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда ішкі туризм еліміздің кірісінің 3 пайызын ғана құрайды. Әлемнің дамыған деген мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 20-30 пайыз деңгейінде. Сол себепті туризмнің инфрақұрылымын жетілдіріп, осы бағыттағы құқық нормаларын дамыту керек, туризм өнімінің бағасы көрсетілетін қызметтің сапасымен сәйкес келуі керек»,-деді Е.Тарасенко.

Депутаттың пікірінше, аталған мәселелерді шешіп, туризм саласының дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет.

Депутат туризм саласының дамуы көлік, байланыс, агрокешен сияқты барлығы 32 саланың дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.  

«Туризм қызметі ұлт экономикасының құрамдас бөлігі және оған қатысты мәселелерді шешу жұмыстары жүйелі әрі кешенді түрде жүргізілуі керек. Туризм Қазақстанның бет-бейнесіне айналуы керек. «Нұрлы жол» бағдарламасы жаңа экономикалық саясатының инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бағыты Қазақстандағы туризм саласының дамуына ықпал етеді»,-деп есептейді Мәжіліс депутаты.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика