Өңірлер

«ҚазАгро» 100 млн АҚШ доллары сомасына HSBC Bank PLC алған қарызын өтеуді жүзеге асырды

2015 жылғы 30 наурызда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) 100 млн. АҚШ доллары сомасына HSBC Bank PLC алған қарызын дер кезінде өтеуді жүзеге асырды, деп хабарлады Ұлттық компания.
Казахстан30 Наурыз , 14:52

Хабарланғандай, (бұдан бұрын – ү.ж. қаңтар айында Шотландияның Корольдік Банкінің (The Royal Bank of Scotland PLC) 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызын өтеді), осылайша, аталған қарызды өтеу ағымдағы жылы шетелдік кредиторлардың алдындағы негізгі қарызды өтеу бойынша төлем сериясын аяқтайды.

Аталған ақша қаражатын тартудың мақсаты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ынталандыру және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асыру үшін Холдингтің айналым капиталын толықтыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру болып отыр. Тартудан түскен қаражат қаржылай сауықтыруға, ауылшаруашылық техникаларының лизингіне, ірі қара малды сатып алуға пайдаланылды.

Холдингтің халықаралық инвесторлардың алдындағы өз міндеттемелерін орындау бойынша дер кезіндегі әрекеті «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің борыштық міндеттемелерін төлеу бойынша мүмкіндіктерінің жоғары екендігін растайды және айырықша сенімді және тартымды әріптес болып танылады.

Холдинг ешқандай күш жұмсамай-ақ ағымдағы жылы борыштық міндеттемелерін өтеу бойынша төлемнің шыңын меңгерді, бұл «ҚазАгро» холдингінің халықаралық инвесторлармен ынтымақтастығының жоғары мысалы болды, ол Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру шараларына сәйкес келеді.

 

 




Яндекс.Метрика