Ұлтаралық бірлік

«Менің Қазақстаным» пойызының мамандары Хромтау ауданының 83 тұрғынының мəселесін шешті

«Менің Қазақстаным» пойызының мамандары Хромтау ауданының 83 тұрғынының мəселелерін шешіп берді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе30 Наурыз , 15:24

««Менің  Қазақстаным» пойызы  тұрғындарға күні бойы арнайы дайындалған жерлерде «қоғамдық қабылдаулар» өткізіп, онда тұрғындарға медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет, сондай-ақ ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік қызмет кешені көрсетіліп, аудан халқына  жан-жақты түсіндіру жұмыстары  жүргізілді», - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған мəселелер бойынша 83  азамат қанағаттанарлық жауап алды, тұрғындар қойған сауалдар көбінесе зейнетақы, тұрғын үй, жеке іске банктен несие алу төңірегінде болды.  Жергілікті сала басшылары шешімін күткен өтініштердің  барлығы  қанағаттанарлық жауап алды.

Сонымен қатар, əкімнің мəліметінше, пойыз құрамында келген дәрігерлер 200-ге жуық адамды қабылдады. 




Яндекс.Метрика