Парламент

Парламент Сенатында кезекті отырыстың күн тәртібі талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысын өткізді, онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Наурыз , 12:11

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті  Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық келісімі, Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарастырады.

2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеуге жауапты болып белгіленді.

Бюрода сондай-ақ Палатаның 2015 жылғы 2 сәуірдегі отырысының күн тәртібіне ұсыныстар да енгізілді. Отырыста: Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы; «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»; Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасының Yкiметтерi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобаларын қарау жоспарланды.

 

 




Яндекс.Метрика