Евразиялық одақ

ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасы түсіндірілді

Мемлекеттік кірістерді кедендік рәсімдеу департаментінің директоры Дина Мамашева Орталық коммуникациялар қызметінде ЕАЭО-тың Кедендендік кодексінің ерекшеліктері жөнінде айтып берді.
Астана қаласы30 Наурыз , 11:40

"Кедендік кодекс жобасы электронды құжат айналымына негізделген. Бүгінгі таңда көп жағдайда бірінші көз ретінде дәстүрлі түрде қағаз құжаттарды пайдаланамыз. Қазір құжаттарды электронды декларация мен мәліметтерді растайтын құжаттарсыз өткізе беруге болады. Жаңа кодексте кеден органының құзырлы өкілдерінің қатысуынсыз-ақ автоматты түрде тіркелуге мүмкіндік жасайтын баптар қарастырылған. Бұл бизнес пен кеден органдарының арасындағы сенімге негізделген жаңа деңгей және ол  субьектілердің қызметіне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады»,-деді Д.Мамашева.

Оның сөзінше, жаңа кодексте өкілетті оператордың мәртебесі жетілдіріледі.

«ЕАЭО-тың Кеден кодексінің жобасы бойынша жұмыс әлі жалғасуда. Бүгінгі таңда бизнес өкілдерінің қатысуымен аталмыш құжатты дайындау бойынша барлық іскерлік бағыттар бойынша белсенді талқылаулар жүріп жатыр. Бірқатар жаңалықтар Қазақстан заңнамаларынан да көрініс тапты және олар 2015 жылдан бастап іске қосылады»,-деді департамент директоры.

Айта кетейік, Қаржы министрлігінің мәліметтерінше, тауарлардың халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің бірінен екіншісіне тасымалдануына қосымша салықтар салынады және оларды ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің салық органдары жіберілетін мемлекеті, қосымша құн салығының нөлдік ставкасы, тауарды эскпорттауда акциздер төлемінен босатылу және импорттау кезінде қосыма салықтар салу ұстанымдары негізінде жүзеге асырады.        

 

   

 

 




Яндекс.Метрика