Адами капитал

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті (Фото)

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты базасында 2015 оқу жылына арналған ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің даярлық жоспарына сәйкес, ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Н.Мұқановтың басшылығымен профессорлық-оқытушылық құраммен бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Казахстан 30 Наурыз, 19:13

«Оқу-жаттығудың негізгі міндеттері институттағы офицерлік құрамның қажетті құжаттарды әзірлеудегі және жауынгерлік іс-қимылға шешім қабылдаудағы білімі мен шеберлігін жетілдіру болды», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, оқыту-жаттығу барысындаәскери қызметшілерге оқу-жаттығу бойынша бірқатар жауынгерлік жедел құжаттар жеткізіліп, үйренуші тарап қалыптасқан графикалық және мәтіндік құжаттарды әзірледі. Іс-шараға 30-дан астам оқытушылар тартылғанын айта кеткен жөн.

Оқу-жаттығу тиісті әдістемелік деңгейде өткізілді, институттың оқытылған лауазымды адамдары жауынгерлік іс-қимылды жоспарлау және даярлау бойынша дағдыларын пысықтады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері Отанымыздың әуе шекарасын қорғау жөніндегі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлестерін қосып келеді.
 





Яндекс.Метрика