Адами капитал

1 мыңнан астам адам әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұрады

2014 жылы Астана қаласы бойынша тұруды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызмет көрсету 7 ұйым есепке алынды.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:21

Қаланың статистика департаменті хабарлағандай,  қарттар мен мүгедектерге арналған 2 интернат-үйі және мүгедектерге арналған 1 балалар интернат-үйі, сондай-ақ осындай  қызмет көрсететін ұйымдардың басқа 5 түрі болды.

Бұл ұйымдардың барлығы (100%) электр қуатымен жабдықталған, 2-нде (100%) - кәріз және 2-інде (100%) - су құбыры бар.

Жыл соңына осы ұйымдарда тұратындар саны - 1220 адамды құрады, оның ішінде әйелдер - 541 адам (44,3%), жасы бойынша зейнеткерлер - 269 адам (22%), Ұлы Отан соғысына қатысушыларі мен мүгедектер 4 адамды (0,3%) құрады.

 




Яндекс.Метрика