Евразиялық одақ

ЕАЭО аясында қазақстандық тауарларды өткізу үшін «жасыл дәліз» әдісі қолданылады

Қазақстандық компаниялардың тауарларын Еуразиялық экономикалық одақ аясында өткізу үшін «жасыл дәліз» тәсілі қолданылатын болады, деп хабарлады Мемлекеттік кірістерді кедендік рәсімдеу департаментінің директоры Дина Мамашева Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы30 Наурыз , 11:05

«Кедендік декларациялар мен кедендік операцияларды жеңілдету мақсатында биылғы жылы тікелей бақылау тетігі мен тауарды шекарадан өткізу мен саудалауға дейінгі бақылау жүйесін енгізу арқылы «жасыл дәліз» тәсілін қолдану жоспарланып отыр. Яғни қазақстандық компаниялар үшін автоматты түрде өткізу тәсілі қолданылатын болады. Сонымен қатар, инвестор-компаниялар үшін «жалғыз тереза» арқылы жеңілдетілген кедендік рәсімдеулер енгізіледі»,-деді Д.Мамашева.

Бұған қоса, кедендік рәсімдеу департаменті директорының айтуынша, өкілетті экономикалық оператор институты арқылы жұмысы таза кәсіпкерлерді ынталандыру бағытындағы жұмыстар да жалғасады. «Өкілетті операторлардың жұмысына деген талап қатайтылуда. Осыған қарай бүгінгі таңда аталмыш қызметке тексеру жұмыстары жүргізілуде», -деп қосты дептармамент басшысы.     

Айта кетейік, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында үш тараптың сарапшы мамандары  бизнес өкілдерінің белсенді қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін дайындады.  

Құжат 9 бөлім мен 4 қосымшадан тұрады. Кеден мәселесіне қатысты қазіргі қолданыстағы 22 келісімдердің 16-ы Кедендік кодекске енгізілді.    

Камила Амирова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика