Сайлау-2015

СБРҚК сайлауға бақылау жүргізу үдерісін жетілдіру бойынша оқыту семинарын өткізді (ФОТО)

Бүгін Астанада Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия «Сайлауды бақылау қызметінің әдісі мен тәсілдері» семинар-тренингін өткізді.
Астана қаласы 30 Наурыз, 10:55

Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда қоғамдық бақылауды дайындау аясында сайлау бақылаушыларына арналып өткізілді. Оның басты мақсаты міндеттің толық түсінілуі мен СБРҚК міндеті мен бақылау үдерісін жетілдіру болып саналады.

«Біз бақылаушылардың санын 10 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз, әр облыста штабтар мен облыстық комиссия таңдалды, олар ұйымдастыруға қауқарлы. Біз бүгінде әрбір сайлау пунктінде бақылаушылар болғанын қамтамасыз етуді қарастырудамыз, біздің мақсатымыз сайлаудың барынша ашық өтуін қамтамасыз ету», - деді Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Владимир Тельнов.

Семинар барысында сайлау үдерісіне қатысатын бақылаушылардың рөлі мен міндеттері талқыланды. Сайлау үдерісіне ақпараттық технологиялық қолданыстар да қаралды.

В.Тельновтың айтуынша, бүгінгі  семинарда бақылаушылардың міндеттері мен құқықтары айтылады, жалпы бақылау комиссиясы туралы және ҚР Конституциясымен таныстыру, сайлауға қатысты заңнамалық актілер қаралады.

«Ең бастысы – Конституцияда көрсетілген талаптарды  сақтау, сайлау туралы заңда бекітілген тәртіптерді ұстану», - деді ол.

Айта кетерлігі, семинар-тренинг барысында СБРҚК қызметінің 2011-2012 сайлау компанияларының тәжірибесі мен сайлаудың халықаралық пішіндеріне көңіл бөлінді.

Индира Кауметова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика