Өңірлер

ҚР ҰКП ҚР Президентінің «Алтын сапа» байқауының ұйымдастырылатындығын хабарлайды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жариялайтындығын хабарлайды.
Казахстан30 Наурыз , 12:43

Биылғы жылы жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Өндіріс бағытындағы үздік кәсіпорын, «Тұрғындарға арнап өнім өндіретін үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша таңдап алынады, делінген ұлттық палатаның хабарламасында.   

Президенттің  «Алтын, сапа» сыйлығы кәсіпорындардың өндіретін өнімі мен көрсететін қызметінің сапасының жоғарылығы үшін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сапа менеджментінің тиімділігі жоғары тәсілдерін сәтті қолданғаны үшін беріледі.  

Төмендегі талаптар негізінде әрбір аталым бойынша 2 сыйлықтан беріледі. Олар: ірі кәсіпкерлік субьектісі, орта кәсіпкерлік субьектісі және шағын кәсіпкерлік субьектісі.

Байқауға қатысу үшін 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін өтініш беру керек.

Осы жылдан бастап,  ҰКП-ы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушысы болады.

Олар:

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"

"Халық тұтынатын үздік тауарлар"

"Үздік азық-түлік тауарлары" атты үш аталым бойынша жүргізіледі.

Оған жекелеген кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Ол үшін мынадай талаптар қойылады. Байқауға қатысушылар өзінің өнімін Қазақстан аймағында өндіретін болуы керек. Қару-жарақ өндірушілері байқауға қатыса алмайды.  Екіншіден қатысушылар өнімнің жоғары сапасын тұрақты қамтамасыз етіп, оны жүйелі түрде жетілдіріп отыратын болуы керек және оны байқауды ұйымдастырушылар  растаулары керек.   

Жеңімпаздар «Қазақстанның үздік тауары» наградасы мен I, II, III дәрежелі дипломдармен наградталатын болады.

Байқаудың дипломанттары байқаудың белгісін «эмблема» үш жыл көлемінде жарнамалық мақсатта пайдалана алады.

 

 




Яндекс.Метрика