Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2015-2019 жылдарға арналған ИИМДБ-ға мемқолдау «БЖК-2020», «Өнімділік-2020», «Агробизнес-2020» арқылы көрсетіледі

«Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламалары отандық өңделген тауарлар мен қызметтерді өткізу мен ынтыландыру және шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында 2015-2019 жылдарды қамтитын Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қолдауға ықпал етеді. Бұл туралы Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында «Қазақстандық индустрия институтын дамыту» акционерлік қоғамының өкілдері мәлім етті.
Казахстан30 Наурыз , 11:21

«Мемлекеттік қолдау шаралары «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламаларының аясында, сондай-ақ отандық өңделген тауарлар мен қызметтерді өткізу мен шетелдік инвестицияларды тарту шараларының аясында жүргізілетін болады»,-делінген хабарламада.

Ал кәсіпорындар мен олардың жобаларын қолдау стандарттар мен олардың жекелеген көзқарастары бойынша жүргізіледі.  

«Стандартты көзқарас деген - стандартты құралдармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырушы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік нысандарын қолдау – жүйелі түрде «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламаларының аясындағы стандартты қаржы және қызмет құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады», -делінген ведомство өкілдерінің хабарламасында.   

Жеке көзқарас тәсілі - қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы басым бағыттағы ірі жобаларды жүзеге асыратын ірі кәсіпорындарға қатысты қолданылатын болады. «Бұл жобалар Индустрияландыру картасының негізін құрауы тиіс»,- делінген хабарламада.  

«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында қолданылатын қолдау шаралары «қызмет етіп жатқан өндірістерді жаңғырту мен жаңа өндірістерді іске қосу» мен «Кәсіпкерлік нысандарына қызмет көрсету» атты екі міндет аясында көрсетіледі.   

Бірінші бағыты бойынша берілетін құралдар инвестициялық жобаның кешенді жоспарын дайындау мен сараптау жұмыстарының ақысын төлеу, ұзақмерзімді лизингтік қаржыландыру, инновциялық гранттарды беру  сияқты мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.  

Екінші бағыт бойынша берілетін құралдар инновациялық гранттарды беріп, кәсіпорынның топ-менеджерлерін еңбек өнімділігі мен  энергиятиімділігін арттыру бағыттары бойынша оқыту, еңбекті техникалық нормаландыру бойынша шығындарды орнына келтіру, өнімді  сертификациялау мен  халықаралық стандарттар негізіндегі сапа менджменті  жүйесінің шығындарын қалпына келтіруді қарастырады.  

Сонымен қатар, ведомство өкілдерінің мәліметтерінше, осы уақытта «Өнімділік-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар атқырылып жатыр. Оның аясында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру шаралары жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, құралдарды беру мерзімін қысқарту, мемлекеттік қолдаудың жаңа түрлерін ойлап табу сияқты шаралар қарастырылған.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика