Мәдениетті жаңғырту

Елорданың мәдени қоғамы Халықаралық театр күнін атап өтті

Барша әлемнің театр сүйер қауымы Халықаралық театр күнін атап өтуде. Театр күнін жыл сайын атап өту Астана мәдени өмірінің де дәстүріне айналды. Мереке қарсаңында Конгресс-холл концерт залында Халықаралық театр күніне арналған салтанатты іс-шара өткен болатын, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Астана қаласы30 Наурыз , 20:43

Шараға Астананың Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, «Көңілді тапқырлар» театры, қуыршақтар театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, «Терра» би театры секілді өнер ордаларының шығармашылық ұжымдары қатысты.

Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов айтып кеткендей, Елорданың театралдық өнері серпінді түрде дамып, астаналық театрлардың жетістіктері мемлекеттің ұлттық мәдениетінің тарихына алтын әріптермен жазылған.

Сонымен қатар, шара барысында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов «Мәдениет және өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталды.




Яндекс.Метрика