Сайлау-2015

Қазақстанда «Біз … дауыс береміз» атты республикалық акция басталды (ФОТО)

Астана, Алматы, Өскемен және Ақтау қалаларында «Біз … дауыс береміз» атты акция басталды, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» қоғамдық қозғалысы.
Казахстан 29 Наурыз, 15:03

Аталмыш акцияның сценариіне сәйкес, еліміздің ең ірі деген сауда орталықтарында instagram фреймалары бар еріктілер «Мен (біз) ....... дауыс береміз» белгісімен суретке түсуге ұсыныс жасайды. Аталмыш шараға қатысушы барлық азаматтар көп нүктенің орнына өздері қалаған сөздерді жазу арқылы сөйлемді аяқтай алады.  

Бұл ретте акцияға қатысушылардың сөйлемді «біз бейбітшілікке дауыс береміз, біз достыққа дауыс береміз» деген сияқты сөздермен аяқтауға болатындығын айта кету керек. Сондай-ақ акцияға қатысушылар өздерінің суреттерін әлеуметтік желілерде #дауыс береміз#мы голосуем за#mychoice белгілеріне орналастыра алатындығын айта кету керек.
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика