Халықаралық интеграция

Люньган (Қытай) теңіз айлағынан шыққан пойыз Алматыға келді

Алматыда «Люньгань-Алматы» бағытындағы кезекті контейнерлік пойызын қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының өкілдері.
Алматы қаласы29 Наурыз , 14:34

Салтанатты шараға қатысу үшін Люнгань (ҚХР) қаласынан Партия комитетінің хатшысы  Ян Синшидің жетекшілігімен арнайы делегация келді. 

«Люнгань-Алматы» бағытындағы тұрақты контейнерлік қызметі биылғы жылдың 25-ші ақпанында Цзяньсу қаласынан сапарға шыққаны белгілі. Екі мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзипиннің бастамасымен қолға алынған жобаның іске қосылу шарасына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басшысы Асқар Мамин бастаған делегация өкілдері қатысты.  

«Аталған бағыт бойынша осыған дейін 20 экспорттық және жедел жүктер өткен. Люнгань айлағы Қазақстан үшін еліміздің көлік транзиті әлеуетін тиімді дамытуға бағытталған шет мемлекеттегі стратегиялық бағыттардың бірі»,-делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика