Адамзаттық капитал

Семейде ҰОС ардагерлері әңгімелерінің жинағының таныстырылымы болды (ФОТО)

Әскерилер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әңгімелерін жинап, ҰОС-ы тарихының кітабы етіп шығарды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 30 Наурыз, 08:51

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қайталанбас оқиғалар «Біздің заманымыздың жаңа есімдерін шығару» (Создавать новых героев нашего времени) атты кітапқа жинақталып, қазақстандық әскерилер оның таныстырылымын Семейдегі М.Мәметова атындағы музейда жасады.   

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, кітапты жаза отырып, авторлар қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқанын барынша кең ауқымда көрсетуге, яғни еліміздің Ұлы Жеңіске айтарлықтай үлес қосқандығын жеткізуге тырысты. Ол үшін авторлар ҰОС-ның тарихын, әйгілі кеңестік қолбасшылардың мемуарларын, документалды және көркем фильмдер мен әдеби материалдарды мейлінше терең зерттеген. Болған оқиғаларды барынша жан –жақты әрі нақты етіп көрсетуге майданға аттанысымен бүкіл ғұмыры сұрқия соғыспен байланысты болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің көп көмегі тиді.  

Авторлардың сөздерінше, кітап оны оқыған әрбір азаматқа Ұлы Отан соғысында орын алған оқиғалардың ерекше сәттері мен олар бұрын соңды естіп, білмеген жәйттерден хабардар етеді. Ленинград шайқасындағы кеңестік әскерлердің жанкешті әрекеттері мен Шығыс-Пруссия, Қырым, Берлиндегі шабуыл операциялары жөніндегі тың ақпараттардан хабарландырып, өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің батырлық әрекеттері негізінде әскери-патриотизмге тәрбиелеуге ықпал етеді.

«Біздің заманымыздың жаңа есімдерін шығару» кітабының таныстырылымы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналады.

Жақында Семейдің жоғары оқу орындарының бірінің әскери кафедрасының қызметкерлері Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған жаңа кітаптың тұсауын  кеспек.
 

 





Яндекс.Метрика