Инфрақұрылымның дамуы

2 мыңнан астам қызылордалық отбасы баспаналы болады

Биылғы жылы Қызылордада 2 мың 400 -ден астам пәтер пайдалануға беріледі, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8 есе көп, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қызылорда30 Наурыз , 08:35

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығынадағы «Ипподром» шағын ауданында «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасының аясында салынып жатқан және «Қазақстандық несие компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлескен түрде қолға алынған «Арай» шағын ауданындағы құрылыстардың барысымен танысты.

«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасының аясында салынып жатқан тұрғын үй аяқталуға таяу. Ал «Арай» ауданындағы 60 пәтерлі  үш үй мен 50 пәтерлі екі үй наурыз айында басталып, қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, әкім Сырдарияның үстінен өтетін көпір арқылы Ғ.Мұратбаев пен С.Бейбарыс көшелерін жалғап жатқан жолдың жобасын көрді. Ұзындығы 5 километрді алып жатқан жолдың жоба-сметалық құжаттары аяқталады, енді құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады. Төртжолақты жолдың ені 9 метр, жол жиегінде сонымен қатар тротуарлар салынады. 

Қала аумаңының кеңейтілуіне байланысты «Ақмешіт» шағын ауданында «Мүсірәлі» мешіті бой көтереді. Бұл құрылысты «Абзал и К» компаниясы қаржыландыруда. Мешіт биылғы жылдың күзінде пайдалануға беріледі. 
 




Яндекс.Метрика