Инфрақұрылымның дамуы

Қызылордада заманға сай «жедел жәрдем» ғимараты салынады

Қызылордада қалалық «жедел жәрдем» стансасы үшін жаңа ғимарат салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің өкілдері.
Қызылорда29 Наурыз , 15:41

«Үшқабатты ғимаратта жедел медициналық көмек көрсету мен қызметкерлердің ыңғайлы жағдайды жұмыс істеулеріне барлық мүмкіндіктер жасалған. Атап айтқанда онда: қызметкерлер мен амбулаториялық көмекке арналған бөлмелер мен диспетчерлік қосын, қызмет көрсету бөлмелері, сұрақ-жауап бюросы (спарвочное), санитарлық тікұшақтың қонуына арналған алаң, 24 реаномобильге арналған  және  көліктерді жөндейтін тұрақтар бар. Стансада қажет жағдайда 40 жедел жәрдем бригадасын жіберуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалады»,-делінген хабарламада.    

Қала құрылысына қатысты өткен жиында сонымен қатар қала орталығынан салынатын 32 пәтерлі тұрғын үйге қатысты жоба да талқыланды. Нысан «РемПассажирВагон» өндірістік кооперативінің есебінен салынады. Бесқабатты ғимарат бүгінгі заман талабына сай етіп салынған. Атап айтқанда, жобада орталықтандырылған коммуникация мен бейнекамералар жүйесі және тұрғын үй аймағын абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Тұрғын үйдің бірінші қабатында офистер орналасатын болады.

Жоба бүгінгі таңда бекітілді және жобаны жасаушыға тұрғын үй жанынан 50-60 көлікке арналған тұрақ жасауды қарау тапсырылды.  

     




Яндекс.Метрика