Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Астанада жалпыға қолжетімді дефибрилляция жобасының тұсауы кесілді

Астанада «Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетудегі шұғыл кардиологияның рөлі» тақырыбында II-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері.
Астана қаласы28 Наурыз , 14:36

«Жалпыға қолжетімді дефибрилляция жөніндегі жоба, адамдар көп шоғырланған орындарда (әуежайлар, вокзалдар, сауда ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, спорттық нысандар, оқу орындары) автоматты сыртқы дефибрилляторларды орнатуды, сондай-ақ медициналық білімі жоқ тұлғаларға жүрек-өкпе реанимациясы мен автоматты дефибрилляция дағдыларына үйретуді көздейді»,-делінген хабарламада. 

«Ақ Жүрек» қоғамдық қорының өкілдері адамдар көп шоғырланған орындарда автоматты дефибрилляторларды осы жылы-ақ, әлеуметтік-бағдарланған бизнес-құрылымдардың қаражаты есебінен орнатуды бастауды ұсынып отыр.

Конференцияның жұмысы барысында сондай-ақ, барлық өңірлерде өткізілген қан айналысы жүйесінің сырқаттанушылығынан болатын өлім-жітімді төмендету бойынша іс-шаралар нәтижелері талқыланды.

Айта кететін мәселе жүрек-қан тамырлары ауруларының өлім-жітім себебінің құрылымында көшбасшы орында тұрғандығын атап өту керек. Ерте диагностика және адекватты емдеу кезіндегі инновациялық тәсілдердің қажеттілігі үнемі өсуде. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көзделген, кардиологиядағы шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық жәрдемді жетілдіру бойынша іс-шараларды реттілікпен іске асыру, қан айналысы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге, мүгедектікті төмендетуге, ҚР халқының өмірінің сапасын және ұзақтығын көтеруге мүмкіндік береді.

 

 

  

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика