Сайлау-2015

ОСК ҚР Президенттік сайлауына тағы 48 шетелдік байқаушыны тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26-шы сәуіріне тағайындалған кезектен тыс Президент сайлдауына қатысу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағы 48 байқаушысын тіркеді.
Астана қаласы28 Наурыз , 10:41

«2015 жылғы 28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Аталған қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен тоғыз шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 48 байқаушыны тіркеді»,-делінген ОСК хабарламасында.

Олардың төртеуі – Норвегия Корольдігінен, Австрия мен Сербия республикаларынан 3 азаматтан, Болгария мен Литва республикаларынан 2 азаматтан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Венгрия, Латвия және Словакия Республикаларынан 1 байқаушыдан, сонымен қатар 18 мемлекеттен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 30 байқаушысы тіркелді. 

Осылайша, 2015 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы  халықаралық ұйымдардың екі миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) мен 18 шет мемлекеттен 83 байқаушыны тіркеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін тіркеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеуді ОСК 2015 жылдың 20-шы сәуіріне дейін жалғастырады.  

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика