Өңірлер

Қызылорда облысында 2015 жылы 164,1 мың гектар жерге егін егіледі

Қызылорда облыстық әкімдігінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысына арналған селекторлық отырыс өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің өкілдері.
Қызылорда29 Наурыз , 12:39

Отырыста облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан Пашкенов аймақтағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. 2015 жылы облыста 164,1 мың гектар егіс егілген. Ауыл шаруашылығы министрлігімен жасалған өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жөніндегі Меморандумға сәйкес, күріштің егіс көлемі азайтылып,    көкөніс, дәнді, азық-түлік және майлы дақылдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Әкімдік таратқан ақпараттар бойынша қазіргі таңда аймақта жанар, жағар май мен тыңайтқыштар алынуда және өзге де егіс науқаныа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ осы уақытта су көздерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар сәуір айына дейін аяқталады және осы айда өзендер мен тоғандарға су келе бастайды.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөнінде сондай-ақ аудан әкімдері мен облыс орталығының басшысы «Байқоңыр» агрохолдингінің директоры баяндады.    




Дерекнама

Яндекс.Метрика