Адамзаттық капитал

ҚР ҚК-нің қызметкерлері көпұлтты штабтарда жұмыс істердің алдында тілдік дайындықтан өтуде

Ағымдағы жылдың 24 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Бейбітшілік серіктестігі» (Қазцент) оқу-жаттығу орталығының нұсқаушылары арасында «Көпұлтты операциялардағы ағылшын тілінің әскери терминологиясы» тақырыбында оқыту курсы өткізілуде.
Казахстан29 Наурыз , 12:09

Оның мақсаты – БҰҰ аясында бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде көпұлтты штабтар жұмысына сардарларды даярлау болып табылады.

Шара барысында БҰҰ бітімгерлік іс-қимылы, қарулы қақтығыстардың құқық қағидалары мен нормалары, операцияларды жүргізу кезінде азаматтарды қорғау мәселелері зерделенеді. Бұдан өзге топография және радио, сондай-ақ әскери брифингті даярлау тәртібі бойынша білім берілді.

Өткізіліп отырған курс бағдарламасы НАТО-мен сертификатталған және «Бейбітшілік серіктестігі» бағдарламасы ауқымында әскери қызметшілерді оқыту және даярлау құрылымына қосылған. Бұл оқу ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ НАТО-ға серіктес елдердің өкілдері және «Қазцент» нұсқаушыларының қатысуымен тұрақты түрде өткізіледі.

Мәртебесі НАТО-мен мойындалған Орта Азия аймағындағы жалғыз саналатын Қазцент оқу орталығында серіктес елдердің оқу-жаттығу және білім беру орталықтары сияқты халықаралық іс-шараларды жоғарғы деңгейде өткізуге мүмкіндік бар. Оқу-жаттығу орталығы бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысушы мемлекеттер үшін мамандар даярлау барысында өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосуда.

Бұл курс «Қазценттің» жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан мен НАТО арасындағы серіктестік қызметінің жеке жоспарын орындау аясында ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

 




Яндекс.Метрика