Өңірлер

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) жетекшісімен келіссөздер жүргізді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен «Байқоңыр» қаласында болып, онда Федералдық ғарыш агенттігінің жетекшісі (Роскосмос) Игорь Комаровпен кездесті.
Қызылорда28 Наурыз , 15:37

Облыс әкімдігінің мәліметтерінше, кездесу барысында Төретам мен Ақай ауылдарын кеңейту үшін берілген 25 мың гектар жерді жалға берілген жердің тізімінен шығару мәселесі талқыланды. Кәсіпкерлікті дамыту, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасының инфрақұрылым нысандарын салу мақсатында Қазақстанға белгіленген жер аймақтарын қайтару жөнінде алдын ала келісім жасалды.   

«Байқоңыр» ғарыш айлағының 60 жылдығы (2-ші маусым) мен  Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеудің алдында арнайы іс-шаралар жоспары ұсынылды. Онда Байқоңырдағы жалпы білім беру орындарында ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың «Байқоңыр» ғарыш айлағының ардагерлері мен ғарыш саласы мамандарымен кездесулерін ұйымдастыру, ғарыш саласының мамандарын мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну, спорттық жарыстар өткізу сияқты бірқатаріс-шаралар қарастырылған.  

Қызылорда облысында туризмді дамыту бағытында зымырантасығыштардың ұшу сәтін көруге арналған алаң салу, «Крайний» әуежайын күрделі жөндеуден өткізу, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін қонақтарға жеңілдетілген режиммен жүріп тұруға мүмкіндік беретін туристік жолдамалар жиынтығын жасау сияқты сияқты мәселелер төңірегінде ұсыныстар енгізілді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика