Білім беру

Алматы облысында білім беруді дамыту үшін 112,9 млрд тенге бөлінеді

Алматы облысында білім беруді дамыту үшін 112,9 млрд тенге бөлінеді
Алматы29 Наурыз , 10:04

Алматы облысында 2015 жылы Алматы облысында білім беруді дамыту үшін  112,9 миллиард теңге бөлінеді және бұл 2014 жылмен салыстырғанда 6,8 миллиард теңгеге көп болып отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Бөлінген қаржы білім беру мекемелерін салу мен жөндеуге, апатты жағдайдағы мектептердің жұмысы мен үшауысымды оқытуды тоқтатып,  материалдық-техникалық базаны нығайтып,  мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз етуге жұмсалады.

Осылайша, әкімдік таратқан мәліметтерге сәйкес, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешіледі. Биыл 5 мектеп салынып, келесі жылы тағы 1 тағы бір мектеп бой көтереді. Сондай-ақ үшауысымды білім беруді жою мақсатында 2018 жылы 51 жаңа мектеп салынады. 20 мектепті жергілікті бюджет есебінен салу жоспарланып отыр.

Бұған қоса биылғы жылы облыста 107 жаңа балабақшалар мен шағын орталықтар салынбақ.

 

 




Яндекс.Метрика