Мәдениетті жаңғырту

Алматыда «Балалар бейбітшілк ырғағында» атты шығармашыл жастардың бірінші фестивалінің іріктеу кезеңі басталды

Алматыда мәдениеттерді жақындастыруға бағытталған «Балалар бейбітшілк ырғағында» атты Қазақстанның шығармашыл жастарының бірінші фестивалінің іріктеу кезеңі басталды.
Алматы қаласы30 Наурыз , 09:21

Аталмыш шараға 12-17 жас аралығындағы дарынды жастар музыка, хореография, вокал сияқты негіз үш аталым бойынша өнер көрсетеді.

Қала әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, «Балалар бейбтшілік ырғағында» атты шығармашыл жастардың бірінші фестивалі Қазақстандағы дарынды орындаушыларды тауып, оларды қолдауға, жастардың шығармашылық әлеуетін толық пайдалануларына жол ашып, балалар шығармашылығы арқылы мәдениетті дәріптеу болып табылады.  

2013-2022 жылдар аралығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастырудың онжылдығын атап өтуге бағытталған шара ЮНЕСКО-ның 70 жылдығы аясында өтеді. Ұйымдастырушысы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы.

Фестивальдің аймақаралық кезеңдерінен соң үш негізгі аталым бойынша үш түрлі топтан 27 жеңімпаз іріктеп алынады. Олар 15-17 маусымда өтетін фестивальдің ақтық сынында өнер көрсетеді және жас өнерпаздар өздерінің шығармашылықтарын Алматыда осы фестиваль аясында өтетін Гала-Концертте де қалың көпшіліктің назарына ұсына алады. Фестивальға қатысушылар мәдениет пен төзімділік тақырыбында өтетін семинарларға қатысып, жетекші деген өнер және мәдениет қайраткерлерінің шеберлік сабақтарына қатысады.    

2015 жылдың 17-ші шілдесі күні фестивальдің 9 жеңімпазы Астанада өтетін Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің 47-ші Бүкіләлемдік конференциясы аясында өтетін концертке қатысады.  

 

  




Яндекс.Метрика