Өңірлер

Ақмолалық шаруалар дәнді-дақылдарды 4,2 млн гектар жерге егуді жоспарлауда

Ақмолалық ауыл шаруашылығы саласының өкілдері 2015 жылы көктемгі егісті 4,6 миллион гектардан астам аймаққа екпекші. Оның ішінде бұршақдәнді дақылдар 4,2 миллион гектар аймаққа отырғызылатын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола 30 Наурыз, 09:04

Бұл ретте майлы дақылдар 290,9 мың гектарға, картоп 18,5 мың гектарға, көкөністер 4,4 мың гектарға егілмек. Ал мал азығы дақылдарын 197,2 мың гектарға егу көзделіп отыр. Жалпы алғанда, малы азығы дақылдарының көлемі облыста 561,5 мың гектарға жеткізілмек. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 31,7 мың гектарға көп.  

Дәнді дақылға деген сұраныс облыста 523,6 мың тоннаны құрайды. Бұл көлемге жететін тұқым қазіргі таңда 100 пайыз егілген. Биылғы жылдың егіс науқанына 17 мың бірлік дансепкіш құрылғылар, мен 1 мың 26 бірлік өнімділігі жоғары егін егетін кешендер қатысады. Көлік-трактор паркінің жалпы дайындығы биылғы жылдың 27-ші наурызына  92-100 пайызды құрап отыр.    

Қорыта айтқанда, облыста көктемгі егіс жұмыстарын талапқа сай өткізу үшін барлық қажетті мүмкіндіктер жасалған.

 





Яндекс.Метрика