Өңірлер

Талдықорғанда қант қызылшасымен айналысатын кәсіпорындарға арнайы техникалар табыс етілді (ФОТО)

Талдықорғанда қант қызылшасымен айналысатын кәсіпорындарға арнайы техникалар табыс етілді. Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескепмпіров қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің өкілдері.
Алматы 28 Наурыз, 13:04

«Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен дайындау орталықтарының аясында машина-тракторлық стансаларды қалыптастыру мақсатында Кедендік Одақ пен алыс шет мемлекеттерден арнайы техника сатып алуды қарастыратын 1 миллиард теңгенің жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында осы уақыттың өзінде Қаратал, Көксу, Ескелді, Сарқан аудандарында 6 қызмет көрсету дайындық орталықтары құрылды.  

Әкімдік таратқан мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда 32 трактор, 11 комбайн, 6 жүк артқыш техника, 72 аспалы, тіркегіш техника сатып алынған. Аталмыш құралдар жеңілдетілген шарттар негізінде қаржы лизингіне берілді.  

Айта кететін мәселе 2011-2015 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қызмет көрсету, агротехникалық, қамтамасыз ету сияқты өзге де қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 10 ауданда 18 қызмет көрсету дайындық орталықтары құрылып, 3 миллиард теңгеге 500 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.  

Осылайша облыста шаруа қожалықтарының қызметін нығайту мен қант өндіруді дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.   

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика