«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Астанада «Нұрлы жол-қазақстандық даму жолы» атты республикалық форум өтеді

Астанада "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысының «Нұрлы жол-қазақстандық даму жолы» атты тақырыптағы республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды жалпыхалықтық қозғалыстың баспасөз қызметі
Астана қаласы27 Наурыз , 20:23

Форум барысында еліміздің жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясаты талқыланады. Аталмыш шараға еліміздің барлық аймақтарынан келген ғылым мен бизнес, білім мен медицина, өнеркәсіп, коммерциялық емес сектор мен өзге де бірқатар салалардың жас кәсіби мамандары қатысады.

Форумның спикері ретінде Үкімет пен қазақстандық бизнестің өкілдері қатысады. Олардың арасында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов пен өзгелер бар. 
 
Форум аясында тұрғын үй сапасына қолжетімділік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, бизнесті қолдау мен дамыту, білім беру мен жұмыспен қамту бағытында үш панельді пікірталас алаңын ұйымдастыру көзделген.

 




Яндекс.Метрика