Сайлау-2015

ҚКХП атынан ұсынылған кандидат Көкшетауда кездесулер өткізді

Бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ұсынылған Т.Сыздықов өз жұмысы шеңберінде Көкшетау қаласында кездесу өткізді, деп хабарлады кандидаттың сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Ақмола27 Наурыз , 18:46

Алғашқы іс-шара «Көкше» Академиясында» өтіп, студенттер қауымымен кездесті. Кездесуде ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д. Мәжитов модератор болды.

Т.Сыздықов өз сөзінде батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалы туралы мәселе көтерді.

«Голливудтік фильмдер мен батыстық компьютерлік ойындарда зорлық-зомбылыққа толы. Батыстық мода күнделікті киіп жүрген киімдердің еліктер үлгісі болудан қалды. Бүгінде батыстық мәдениеттің негізінде не жатыр – зорлық-зомбылық пен өңшең адамгершілікке жат қылықтар, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға деген құлшыныс жоқ.Бұл жүйе аз шығынмен мол табыс табуды ғана мақсат тұтады. Зиянды азық-түлікті тұтынудың салдарынан түрлі ауру-сырқаулар туындауда.

Дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен семіздікке, ақыл-естің ауытқуы сынды түрлі дерттерге шалдыққан елдер рейтингінде Батыс мемлекеттері алда келеді», - деп атап өтті Т.Сыздықов.  

Сондай-ақ Т.Сыздықов «Көкшетау минералды сулары» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Іс-шараны ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д. Мәжитов ашты.

«Барлық компьютер ойындарында балалардың санасына терең бойлап, агрессия тудыратын вирустар бар. Батыстан ескен зорлық-зомбылыққа негізделген насихат адамды ақыл-естен, парасаттан айырады. Шетелдік киім-кешек, музыка, фильмдер мен сериалдар жастарды «дұғалап» қойғандай. Батыстық өмір сүру салтының кесірінен бала туу деңгейі төмендеп, жастар жауапкершіліктен қашуда. Тіпті, Батыстағы мультфильмдердің түр-тұлпаты жоқ кейіпкерлері бір-бірін балағаттап, қырып-жойып жатады. Мұның бәрі жоғарыда атап өткен күрделі мәселелердің бірден-бір себебіне айналды. Дәл осындай батыстық өнімдер балаларымызды қатыгездікке, арсыздыққа тәрбиелеуде. Голливудтік стандарттардың бәрі тек табыс табуға негізделген. Соның салдарынан Батыста адамдар бір-бірімен араласудан қалды», - деді Т.Сыздықов. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика