Сайлау-2015

ҚР Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қарағандыға келді

Бүгін Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізу үшін Қарағанды облысына ат басын тіреді, деп хабарлады республикалық штабтың баспасөз қызметі.
Қарағанды27 Наурыз , 18:37

Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Партиоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков және басқа да танымал қазақстандықтар бар.

Қарағандыда  аймақ активтерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ шахтерлерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Қарағандылықтар ҮИИДМБ үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдірді. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аймақтың қоғам қайраткері Татьяна Савицкая қазақстандық әйелдер қауымы атынан елімізде орнаған бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығын жеткізді.

Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі атап өткендей, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ұлы өзгерістерге қарай қадам басқалы тұр.

Халық мемлекетімізді мықты көшбасшы басқарғанын қалайды. Сол себепті Орталық Қазақстанның тұрғындары бірауыздан 2015 жылы 26 сәуірде республикамыздың гүлденуі үшін, яғни, Нұрсұлтан Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлім етті. 




Яндекс.Метрика