Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Талдықорғанда жаңа автовокзал салынады – әкімдік

Алматы облысында жолаушыларға қызмет көрсететін бірнеше нысан салынады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы28 Наурыз , 11:41

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Талдықорған қаласында автовокзал, Кеген, Бақанас елді мекендерінде автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсететін 14 пункт, 43 такси тұрағы салынатын болады.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  басшысы Ержан Жасыбаевтың хабарлауынша, арнайы құрылған комиссия биылғы жылдың ақпан айынан бері  өңірдегі 9 автостанция мен Қапшағай қаласындағы автовокзалдың Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Аталмыш жұмыс аяқталып, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін стандартқа сәйкес жолаушыларға қызмет көрсететін нысандардың саны артатын болады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика