«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Германияда «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

Майндағы Франкфуртта «Германиямен ынтымақтастықтың басымдықтары: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықаралық интеграциясы» тақырыбында Берлин Еуразиялық Клубының 13-ші отырысы өтті.
Әлемде27 Наурыз , 19:34

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, отырысқа Қазақстан мен Германия қоғамдық-саяси, іскер және сарапшылар топтарының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, герман тарапынан - Стратегиялық ынтымақтастық бойынша Іскерлік кеңестің тең төрағасы, Deutsche Bank Басқарма мүшесі Петер Тильс, Герман экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Райнер Линднер, Сыртқы саясат жөніндегі герман қоғамының директоры Эберхард Зандшнайдер, және т.б.; қазақстандық тарапынан – ҚР ГФР-ғы Елшісі Болат Нүсіпов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов және т.б.

Өз сөзінде ҚР ГФР-ғы Елшісі Болат Нүсіпов «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды. Қазақстандық дипломат Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне кіруге ұсынысын атап, контексте еліміздің ғаламдық ядролық қарусыздандыруға қосар тарихи үлесі мен жария етпеу, сонымен қатар еліміздің ішкі саяси қызметте төзімді дамуын және халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосар үлесіне тоқталды.

Басты баяндамашы ретінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау еліміздің Жаңа экономикалық саясаты шеңберінде Германияның іскер топтары үшін кең мүмкіндіктер ашылған нақты жобалар туралы мәлімдеді. Ол өндірістік және ғылыми-техникалық әлует пен зор табиғи ресурстары бар 170 миллион адамның басын біріктірген ЕУЭОортақ нарығының негізгі аспектілерімен таныстырды.

Өз кезегінде Герман экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Райнер Линднер Орталық Азия аймағында ГФР-мен негізгі сауда серіктесі болып отырған Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге Германияның қызығушылық танытып, үмітпен қарап отырғанын хабардар етті.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "еуразияшылдық" бастамасы мен "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында, Берлин Еуразиялық Клубын (БЕК) ҚР және ГФР, сондай-ақ ЕО арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің кең спектрін талқылау үшін пікір алмасу алаңы ретінде құрылған. Жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге, Еуропа және Азия мәдениеттері арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған, Клуб Қазақстанның Еуропадағы осындай тұңғыш жобасы болып отыр. БЕК хатшылығының жұмысын ҚР ГФР-дағы Елшілігі және халықаралық мәселелермен айналысатын ГФР жетекші институты – Сыртқы саясат бойынша Герман кеңесі атқарады. Берлин Еуразиялық Клубының салтанатты ашылуы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен 2012 жылғы 7 ақпан күні өтті. Қазіргі таңда Клубтың он екі отырысы өткізілді.




Яндекс.Метрика