Инвестициялар

Ақмола облысын дамытуға жыл басынан бері 90 миллиард теңге инвестицияланған

Биылғы жылдың 2 айында Ақмола облысының экономикасын дамытуға 9 миллиард теңге инвестицияланып, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 111,4 пайыз болды, деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Бауыржан Малғаждаров аппарат мәжілісінің барысында.
Ақмола29 Наурыз , 11:38

Оның сөзінше, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 миллиард теңгені құрады. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында 39,5 мың шаршы метр жеке және коммерциялық тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Облыста 53,4 мың шағын және орта бизнес субьектілері бар. 2014 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында айлық жалақы 6,4 пайызға жеткен.     

Бұған қоса, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында биылғы жылы құны 37,8 миллиард теңге болатын 13 жоба іске асырылуда. Облыстың ауыл шаруашылығы саласының өкілдері елордаға 2,2 мың тонна сүт өнімдері, 1,7 мың тонна бет өнімдері мен 23,9 миллион жұмыртқа жеткізген.  

  

 




Яндекс.Метрика