Өңірлер

2015 жылдың 2 айында Ақмола облысында шамамен 1000 жаңа жұмыс орны ашылды

2015 жылдың 2 айында Ақмола облысында шамамен 1000 жаңа жұмыс орны ашылды, олардың ішінде тұрақтысы 621, деп хабарлады өңір басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен кездесуде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров.
Ақмола28 Наурыз , 15:43

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылы республикалық бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаның алғашқы бағыты бойынша 582 жұмыс орнын құра отырып, 650,1 млн теңгеге 33 жобаны жүзеге асыру көзделген.   

Сонымен қатар, 248 жұмыс орнын құра отырып, 484,6 млн теңгеге дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша 7 жоба жоспарланып отыр.  Екінші бағыт бойынша 287 адам кәсіпкерлік негізі бойынша оқудан өтеді, шағын несиелеумен бағдарламаның 163 қатысушысын 489 млн теңгеге қамту жоспарланған.  Үшінші бағыт аясында әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 507,2 млн теңге қарастырылған.

 «Өңірде тамақ өнімдерін шығару бойынша да алға жылжулар бар. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда өсімдік майы өндірісі 4,2%-ға, өңделген сүт  19,7%-ға, ұн 9,2%-ға артқан. 2015 жылы ҮИИДМБ аясында құны 121,1 млрд теңге болатын 25 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, ол кезде 1882 жаңа жұмыс орны құрылатын болады», - деп атап өтті ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика