Парламент

Индонезия Қазақстанды ОА-дағы маңызды әріптесі ретінде қабылдайды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бүгін Парламентте Қазақстанға парламенттік делегацияны бастап келген Индонезия Республикасы Өкілдері Палатасының вице-спикері Фахри Хамзуды қабылдады, деп хабарлады Мәжіліс.
Астана қаласы 27 Наурыз, 16:05

Қазақстан Индонезияны Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің көшбасшыларының бірі ретінде қабылдайды, делінген хабарда. Екіжақты кездесуге екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Сусило Юдойононың өзара мемлекеттік сапарлары жаңа қарқын берді. 

«Өз кезегінде, Өкілдер Палатасының вице-спикері екі жақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша барлық шараларға қолдау көрсететінін айта келіп, Индонезияның Қазақстанды Орталық Азиядағы барынша маңызды әріптестердің бірі ретінде қабылдайтынын атап өтті», - делінген хабарда. 

Сергей Дьяченко Қазақстандағы «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуде Астананың кандидатурасын қолдағандарына алғысын білдіріп, индонезиялық кәсіпкерлерді сол көрмеге белсенді қатысуға шақырды.  





Дерекнама

Яндекс.Метрика